Қазгидромет орталығы Қазақстандағы 30 шілде – 1 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағы бойынша тұрақсыз ауа райы сақталып, ол найзағай ойнап, бұршақтың түсуі мен жауын-шашынға әкеледі. Метереолог мамандар елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді деп болжауда.
Республиканың солтүстігінде түнде термометрлер +7 +12°С дейін төмендейді, күндізгі ауа температурасы солтүстікте +15 +25°С, батыста +30 +35°С, елдің орталығы мен шығысында +20 +28°С, ал Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында +22 +33°С болады деп болжануда.