29-31 шілде күндері Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтілуде. Бұл туралы Қазгидромет баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай күтіледі. 30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
Республиканың барлық аумағында ауа температурасының көтерілуі болжануда. Күндіз батыста және солтүстік-батыста 25-41, солтүстік пен шығыста 23-33, орталықта 25-37 жылыға дейін ауа температурасы көтеріледі.