Бекзат Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жекте жеңіліс тапты

0
300
Бекзат Нұрдәулетов. Токио олимпиадасы. Photo: Turar Kazangapov

28 шілде күні бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевқа есе жіберді. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады. 

81 келіге дейінгі салмақта өткен тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді.

Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

Ал Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.

Бекзат дәл осы Хатаевпен СанктПетербург Губернаторының кубогінде финалда жолығып жеңген еді. Маңғыстаулық боксшы 2019 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген болатын. Токио олимпиадасының фавориті деп мамандар атағанды.

Бұған дейін жарыс жолынан Василий Левит, Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов шығып қалған еді. Жүлдеден үміткер боксшылар бірінен соң бірі жеңіліп жатыр. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз