Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

0
359
Найзағай. Көрнекі сурет.

Метеоролог мамандардың хабарлауынша 28-30 маусым аралығында Қазақстанда ауа райы жаңбырлы болады, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ауысатын Солтүстік-Батыс циклонының әсерінен найзағай ойнап жаңбыр жауады деп күтілуде.

29 маусымда Солтүстік өңірлерде, 30 маусымда шығыста нөсер жауын, бұршақ, желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Тек еліміздің батыс облыстары скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезініп, мұнда жаңбырдың тоқтауы күтіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз