Қазгидромет 13-15 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Гидролог мамандардың болжамы бойынша алдағы үш күнде Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашын күтіледі.
“13-15 қарашада Қазақстандағы ауа райын Солтүстік-Батыс циклонның терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бөлімдер айқындайтын болады. Батыстан шығысқа қарай жылжи отырып жыра республиканың барлық өңірлерін қамтиды,” – делінген Қазгидромет хабарламасында.
Осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын және көктайғақ болып, солтүстікте бұрқасын мен екпінді жел күтіледі.
Батыста ауа температурасы түнде 5-3 жылу, күндіз 3–10 арасы, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыс пен орталықта түнде 1-10 аяз, күндіз 5–7 градус жылу, ал еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 1-10 аяз, күндіз 2-10 градус жылу болжанады.