Елорда халқы құрбан айт намазын оқыды

0
121
Нұр-Сұлтан қаласындағы "Әзірет Сұлтан" мешітіне құрбан айт намазына жиналған жұрт. 11 тамыз.

Оқи отырыңыз: Құрбандық шалу кімдерге міндет (видео)

11 тамыз мұсылмандардың мерекесі Құрбан айт күні. Елорда халқының бір бөлігі Хазірет Сұлтан мешітінде айт намазын оқыды. 10 мың адам сиятын мешіт іші лық толып, сыймаған жұрт ғибадатын сыртта жасады. 

Діни басқарма мамандарының мәліметінше, бұл күні Меккеге барған қажылар Мина алқабында құрбандық шалу рәсімі мен қажылықтың басқа да талап-шарттарын орындайды, қажылық жасауға шамасы келмеген мұсылмандар мешіттерде айт намазын оқып, құрбандық шалады. Бұл – мерекенің ең маңызды рәсімі.

Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі. Ол жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының онында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталып, 3 күнге созылады.

 

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз