Атамбаевтың қызы видеоүндеу жариялады

0
135
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың Әлия Шагиева.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева әкесінің қамалуына байланысты Instagram парақшасында үндеу жолдады.

Шагиеваның мәлімдеуінше, әкесін билік заңсыз және әділетсіз ұстаған.

“Мен суретшімін. Ешқашан саясатқа араласпағанмын. Бірақ қазіргі билік әкемді заңсыз және әділетсіз ұстап, шектен шығып кетуіне байланысты бұдан әрі үнсіз отыра алмаймын”, – деп мәлімдеді Атамбаевтың қызы.

Экс-президенттің қызының айтуынша, елде құқықтық нормалар бұзылып жатқан көрінеді. Оппозициялық телеарналар жабылып, бұқаралық ақпарат құралдарынан жалған ақпарат таратылуда.

“Мен өз отбасым үшін, бейбіт азаматтар үшін алаңдаймын”, – деп толықтырды бойжеткен.

Әлия Шагиева биліктің әкесін жауап алуға шақыруы оны ұстауға сылтау ғана болғанын айтады.

“Қылмыс әлемінің серкесі Батукаевты Қырғызстаннан шығаруға қатысты істі ойдан шығарып алды. Іс жүзінде менің әкемді оппозициялық қызметі үшін қамауға алғысы келді. Оның көптеген жақтасына дәл осылай жасады. Мысалы, Кубан Кулпатов пен Сапар Исаковты жауап алу үшін шақырып, ешқандай талқылаусыз қамауға алды”, – дейді ол.

Экс-президенттің қызы әкесі биліктен Конституциялық соттың жауап алуға қатысты шешімін күтуді талап еткенін атап өтті.

“Ол БАҚ-қа Батукаев ісі туралы білгенінің бәрін айтып, тергеу органдарына жазбаша түрде толық ақпарат беруге дайындалды. Әкем Конституциялық соттың шешімі болмаса, бұл жағдай заң жүзінде шешілмесе, біз өзімізді қорғауға құқығымыз бар екенін айтты. Кез келген шабуыл автоматты түрде экс-президенттің үйіне қылмыстық және заңсыз шабуылға айналатынын ескертті”, – деді Шагиева.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз