Кәсіпкердің сыйлығы елді қуантты

0
81

Ақтөбе қаласында TransMostGroup ЖШС басшысы Төлеген Таңатаров өз қаржысынан қаланың мерейтойына үлкен сыйлық жасады.

Ақтөбеде жер асты өткелі салтанатты түрде ашылды

Жерасты жолының ашылуына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы арнайы қатысып, жомарт кәсіпкерге алғысын білдірді. Барша тұрғындарды қаланың гүлденуіне атсалысуға шақырды. Ұзындығы 23 метр, ені 4 метр, биіктігі 2,5 метрді құрайтын жерасты жолының жалпы құны шамамен 60 миллион теңгені құрайды. Қалада жол оқиғасы көп тіркелетін Некрасов және Шығанақ Берсиев көшелері қилысында орналасқан нысан бір айдың ішінде толықтай салынып біткен.

Ақтөбеде жер асты өткелі салтанатты түрде ашылды

“Жоба біздің компанияның жұмысы. Ылғи осы көшемен өткен кезде неге жерсаты жолын салмасқа деген ой келетін. Бұл жерде 3-4 оқушы қаза тапты, жол көлік оқиғасы көп тіркеледі. Қала әкіміне өтініш білдіріп едім, олар қолдады. Барлығына 60 миллион теңгедей қаражат кетті. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге өз компаниямның жұмысшылары мен арнаулы техникалары пайдаланылды. Бұл менің сүйікті қалама деген сыйлығым”, – дейді “TransMostGroup” құрылыс компаниясының бас директоры Төлеген Таңатаров.

Қала тұрғындары үшін бұл сыйлық “Туған жерге тағзым” акциясы аясында салынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз