Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болды

0
112
Қазақстанның бірінші президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болды. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жазды. 

“Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына қосқан үлесін ескере отырып, Ресей Федерациясының президенті Владимир Владимирович Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы мәртебесін беруді ұсынды. Қазақстан Республикасының атынан осындай бастама берген Ресей президентіне шын алғыс айтамын және қолдау көрсеткен барлық серіктесімізге алғыс білдіремін”, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз