Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған қаулы бойынша 24 маусымнан бастап Қостанай қаласының әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
“”Қостанай” халықаралық әуежайы” акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін”, – делінген қаулыда.
Естеріңізге сала кетейік биыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толады.