Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады

0
163
фото: Akorda.kz

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Koç Holding компаниясының қазіргі жұмысымен, сондай-ақ Қазақстандағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарымен танысты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Ақорда сайты таратқан ақпарат бойынша түркиялық холдинг қорғаныс өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жобаны жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.

Мемлекет басшысы Түркиямен арадағы ынтымақтастықтың еліміз үшін аса маңызды екеніне тоқталып, Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз