Шымкент қаласының прокурорлары әлеуметтік несиелік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтады.
Олар, көші-қон полиция майорының, 16 адамға, әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізгенін байқаған.
Тергеу толықтай аяқталып сотқа жолданды. Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол «полиция майоры» шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды.
Сонымен қатар тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.
Қазіргі уақытта кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілген.