Үш жылдан кейін алғаш рет оффлайн форматта Алматыда халықаралық олимпиада өтеді

0
31
фото: ашық дереккөзден

8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиада өтеді.

Оған әлемнің 14 елінен (Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния) 55 команда, 600-ге жуық оқушы қатысады.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, оларды интеллектуалдық тұрғыда одан әрі дамыту және кәсіби бағдарлау үшін жағдай жасау, оқушылар арасында физика, математика және IT білімдерін тарату және насихаттау, сондай-ақ басқа елдердің физика-математикалық мектептерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Ескере өтейік, үш жыл бойы онлайн форматта өткізілген олимпиада биыл оффлайн форматта ұйымдастырылады. Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаты осы жылдың 8 және 13 қаңтарында Almaty Theatre-де өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз