Түркістан қаласының әкімі қызметіне Нұрбол Тұрашбеков тағайындалды. Жаңа әкімді қала активіне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаланы екі жыл басқарған бұрынғы әкім Рашид Аюпов Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төле би ауданында туған. 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2005 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған.