Коронавирустан емделіп жатқан 521 науқастың жағдайы ауыр

0
138

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1120 науқас тіркелді. Бір күнде дерттен 12 адам қайтыс болып, коронавирусқа ұқсас пандемияға 70 адам шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 399 096 адамға жеткен.

Министрлік мәліметінше елде 21 951 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 7 368 пациент стационарда, 14 583 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- дертіне шалдыққандардың арасында:

• 521 адамның жағдайы ауыр,
• 111 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 79 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бұдан бөлек 12 өңір коронавирус инфекциясының таралуы бойынша “жасыл аймақта” болса, “сары аймақта” 4 өңір, ал “қызыл аймақта” тек қана Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан..

Жалпы Қазақстан Республикасы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “жасыл аймақта”.

Қазіргі таңда Қазақстанда 2 416 430 адам вакцинаның бірінші дозасын, ал 1 297 662 адам екінші дозасын алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз