Белгілі вирусолог өзі даярлаған вакцинаны салдырса да коронавирус жұқтырды

0
154

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің халықаралық вакцина орталығының басшысы Қайсар Табынов өзі даярлаған вирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын салдырса да коронавирус жұқтырды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Newsroom.kz сайты хабарлады. 

Жақында ғана ғылым және инновация аталымында топ жарып, Қазақстанның 100 жаңа есіміне енген вирусолог Қайсар Табынов өзінің вирус жұқтырғаны жайлы отандық БАҚ өкілдеріне хабарлады.

Табыновтың сөзінше, бұл вирустың британдық штаммы, ал өзінің қабылдаған вакцинасы Ухань штаммына қарсы екпе болған.

“Екі штаммның арасында кәдімгідей айырмашылық бар. Бірақ вакцина мені сонда да қорғауы керек еді. Мұнда төрт фактор бар: біріншіден, вакцинаның өзекті құрамы болуы керек еді, екіншіден, он ай уақыт өтіп кетті, ал бұл көп уақыт. Үшіншіден, бұл вирустың мутациясы. Төртіншіден, бұл стресстік фактор”, – деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз