Тоқаев Қостанай облысына барды

0
216
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Bort #1

5 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Президент сапарында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

Қостанай облысында 2 қыркүйекте Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде орманда өрт шығып, жайыла бастаған. Кейін өрт аумағы ұлғайып, жақын маңдағы бірнеше елді мекенді өрт шалды. 1,8 мыңнан астам адам эвакуацияланды: Озерное (250 адам), Аманқарағай (1000 адам), Калинино (228 адам), Лесное (363 адам). Төтенше жағдай министрлігі өрт сөндіруге 36 градус ыстық пен жел кері әсерін тигізіп жатқанын айтқан.

Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, өрт аумағы 43 мың гектардан асқан. Сенбі күні түнде оның аумағы 9 мың гектар деп айтылған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз