Қостанайдағы орман өртіне байланысты жедел желі қосылды

0
191
photo: ecoinfo.kz

Қостанай облысындағы табиғи өртке байланысты көмекке мұқтаж халық ТЖД жедел желі телефонына хабарласа алады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

“Жергілікті атқарушы органдар Көшірілгендерді тамақпен қамтамасыз ете отырып, Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды. ТЖМ және ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды 8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж халық 112 және 101 телефондары арқылы хабарласа алады”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтап жатыр.

“«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес азаматтардың табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеуге құқығы бар”, – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз