Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағы жарық көреді

0
316

Қазақстан халқы ұлы ағартушы ғалым, қоғам және саяси қайраткер Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өтіп жатыр. Осы жылдың соңына дейін Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық еңбектер жинағын басып шығару және оны еліміздің кітапханаларына тарату жоспарланған. Сондай-ақ мерейтой аясында ұлы ағартушының өмірі мен қызметі туралы толықметражды көркем фильм түсірілімі жоспарланған.

“Бүгінде біз ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің атасы, төл әліпбиіміздің негізін қалаушы Ахмет Байтұсынұлының 150 жылдығын атап өтудеміз. Өкінішке қарай, киелі Торғайдағы бүгінгі торқалы той тілсіз жаудың кесірінен тоқтатылып отыр. Кешелі бері Қостанай халқына қол ұшын созып жатқан жандардың саны артып келеді. Бұл – бірлігіміз бен ынтымағымыздың белгісі. Халқымыз қандай қиындықты да осындай бірлікпен еңсерген. Ең бастысы, ел аман болып, ұлы тойдың қайта жаңғыруына тілектеспін”, – деді Еуразия ұлттық университетінде өткен “Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және жаңа Қазақстанның зиятркерлік сабақтастығы” атты ғылыми-практикалық конференцияда мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ахмет Байтұрсынұлының есімі елдегі 1 ауылға, 200-ден астам көшеге және 39 мектепке, 1 әуежайға, 1 музейге берілген. Сондай-ақ, шетелде іс-шаралар жоспарланған. 2021 жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында қазақ педагогының мерейтойлық күнін осы ұйымның атаулы күндерінің халықаралық күнтізбесіне енгізу туралы шешім қабылданған.

Сонымен қатар, бүгін елордадағы Жазушылар аллеясында «”Алаш қайраткерлері” ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз