Қазақстанға жақында Қытай президенті келеді

0
337
Қытай президенті Си Цзиньпин.

14 қыркүйек күні Қазақстанға Қытай президенті Си Цзиньпин келеді. Бұл туралы дүйсенбіде сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Си Цзиньпиннің күзде Қазақстанға сапарлайтыны биыл жаздың басында белгілі болған. 7 маусым күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдап, күзгі сапар кезде хабарланған.

Қазақстанның сыртқы саудасында Қытайдың орны елеулі. БҰҰ статистика комитетінің Қытайдан алған ақпаратынша, 2021 жылы екі ел арасында сауда көлемі 25 миллиард доллардан асқан. Екі мемлекет “Бір жол, бір белдеу” секілді инфрақұрылымдық жобаларды да бірлесе жүзеге асырады.

Бұдан бөлек Қытайдың Қазақстанға саяси ықпалы да бар дейді сарапшылар. Ресми Нұр-Сұлтан Пекинге қарайлап, Шыңжаңдағы мұсылмандардың, соның ішіндегі қазақтардың құқығы бұзылғаны жөнінде мәлімдеме жасамады, ол туралы сұрақтарды Қытайдың ішкі ісі деп айналып өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз