Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағандыда жүр

0
182
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Photo: Bort #1

5 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағандыға барды. Ол облыс жұртшылығымен кездесіп, баяндама жасады. 

Президент өз сөзінде Қарағандының елдегі урбанизация деңгейі ең жоғары облыс екеніне тоқталды.

“Өңір халқының 80 пайызы қалада тұрады. Мұндағы өндірістің едәуір бөлігі 5 моноқаланың еншісінде. Облыс тұрғындарының 40 пайызы осында қоныстанған. Қала халқының тіршілігі ондағы ірі кәсіпорындарға тәуелді екені жасырын емес. Шағын қалалардан халық көшіп жатыр. Бұл – өзекті мәселе”, – деді Тоқаев. 

Сонымен қатар президент облысқа айрықша еңбегі сіңген азаматтарды түрлі ордендермен марапаттады.

Тоқаев сонымен қатар Қарағанды облысын дамытудың басымдықтарын айқындады. Олар:

  • Өңдеу өнеркәсібін қолдау;
  • Өңірдің транзиттік-тасымал әлеуетін арттыру;
  • Моноқалаларды дамыту;
  • Экологиялық жағдайды жақсарту;
  • Өнеркәсіп кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
  • Сумен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын дамыту;
  • Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет инфрақұрылымын дамыту;
  • Облыс орталығын дамыту.
Қарағанды халқы. Photo: Bort #1

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз