Жамбылдағы дауылдан жасөспірім қайтыс болды

0
120
Жедел жәрдем көліктері.

Жамбыл облысында болған қатты желден 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.  

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, оқиға Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылында болған. Жеткіншек шатырдан құлаған. Жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болған.

Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты тас жолдар жабылған еді. Алайда бүгін барлық жолдардың ашылғаны хабарланды.

“Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары, сіздердің назарларыңызға – Жамбыл облысында барлық бағыттар бойынша жолдар ашық”- делінген хабарламада. 

Жамбыл облысында қатты желден зардап шеккен 53 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Ауруханаға келгендердің көбі терезе, ағаш, қақпа құлағаннан бас, аяқ-қол және тағы басқа дене жарақатын алған.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні Жамбыл облысында қатты боран соғып, үйлердің шатыры ұшқан. Әлеуметтік желілерде қатты желдің әсерінен аударылған көліктердің және көшеде жүре алмай құлап жатқан адамдардың видеолары тарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз