Goal.com: Лионель Месси әлемнің ең үздік ойыншысы

0
125
фото: газета.ру / Лионель Месси

Goal.com сайтындағы жанкүйерлер дауысы бойынша ерлер арасындағы әлемнің ең үздік ойыншысы болып аргентиналық Лионель Месси таңдалды

Франциялық ПСЖ футбол клубының жұлдызы Месси биыл ұлттық құрамасымен бірге 1993 жылдан бері алғаш рет “Copa America” турнирінде жеңімпаз атанды. Бұдан бөлек Испаниядағы “Ла Лига” турнирінің тарихындағы ең көп гол соққан 8-ші үздік бомбардир атанды.

Жанкүйерлер дауысы бойынша үздік ондық төмендегідей:

  1. Лионель Месси («ПСЖ», Аргентина)
  2. Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед», Португалия)
  3. Роберт Левандовски («Бавария», Польша)
  4. Мохамед Салах («Ливерпуль», Мысыр)
  5. Килиан Мбаппе («ПСЖ», Франция)
  6. Эрлинг Холанд («Боруссия Дортмунд», Норвегия)
  7. Карим Бензема («Реал Мадрид», Франция)
  8. Н’Голо Канте («Челси», Франция)
  9. Кевин Де Брейне («Манчестер Сити», Бельгия)
  10. Неймар («ПСЖ», Бразилия).

Бірінші орынға таласта Месси Роналдудан 24 дауыспен ғана озып кеткен. Жалпы үздік футболшыны анықтау үшін 14 миллионнан астам жанкүйер дауыс берген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз