Финляндия және Америка құрама штаттары Фин аумағында Американың әскери күштерін орналастыру бойынша екі жақты келісімге келуге дайындалуда. Бұл туралы Финляндия Сыртқы істер министрі Микаэль Антел хабарлады деп, жазды Helsingin Sanomat басылымы.
Екі ел арасындағы келісімнің барлық деректері егжей-тегжей ашылмағанымен, оның ядролық қаруға қатысы жоқ екені белгілі болды.
«Келісім АҚШ Конгресі Пентагонға бөлген қаражат есебінен әскерлерге елге кіруге, оның аумағында қалуға, материалдарды орналастыруға және сақтауға, сондай-ақ инфрақұрылымды инвестициялауға мүмкіндік береді», – деді Микаэль Антелл.
Сондай-ақ, АҚШ-тың басқа НАТО елдерімен осындай келісімдері бар екені айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Финляндия НАТО-ның 31-ші мүшесі болып қабылданған еді.
Кейінірек Финляндия Ресеймен шекаралас 75 шақырымдық аймағына қабырғалы бөгет салуға кіріскен болатын.