Қарабұлақ қашанға қан сасиды?

0
135

Түркістан облысы Қарабұлақ ауылының тұрғындары елді мекен маңайындағы қан аралас сарқынды су жиналатын көлшіктерден құтыла алмай мезі болып отыр, деп хабарлайды egemen qazaqstan.

Қарабұлақ ауылы­ның іргесінде малдың қаны құйы­латын әрі шайынды сулар жиналатын осындай 8 жасанды көлшік бар. Тұрғындардың айтуынша, бұл сулардың мал соятын орындар мен ауруханалардан, түрлі мекемелер мен көпқабатты үйлерден жиналатынын айтты.

«Сарқын­ды су жиналған бұл орынның қызыл түске боялғанына кемі бес жылдай болыпты. Арнасынан асқан көл суы егіс алқабына қарай ағып жатыр. Оған қоса жайылып жүрген мал да ішеді. Осы маңайға су сіңіп жатқандық­тан, бұлақтан да қып-қызыл су шы­ғып жатыр. Ауыл тұтынатын ауыз суға ба­рып қосылады. Жел тұрса сасық көл­ден демалу мүмкін емес.. Ал қан суымен суарылған көкөністер жан-жаққа саудаланып жатыр. Бұл мәселеден жергілікті билік хабардар. Бірақ олардан қайыр жоқ»,  дей­ді Қарабұлақ ауылының тұрғы­ны Шухрат Рахманқұлов.

Айта кету керек,  ауданның коммуналдық салаға жауапты мамандары қанды мал соятын тұрғындар өздері түнделетіп төгіп кететінін ескертті. Полиция айып­пұл салғанымен, әзірге нәтиже жоқтың қасы.

 «Қанды әкеліп төгеді. Ол кәдімгі ыстық қан. Ол жерге төккеннен кейін кәдімгі целлофан кленка сияқты қа­лып қалады жердің астына. Содан жер­ге су сіңбейді», дейді Сайрам аудан­дық ТҮКШ бөлімінің басшы­сы Бай­­мырза Бейсенбаев.

Ал өңір эко­лог­тары тұрғындардан арыз-шағым түс­пегенін айтты. Бүгінде бұл мәселенің нақты қашан шешілетінін ешкім айтпаған. Дегенмен, сарқынды суларды сүзгіден өткізетін орталық салуға қаржы бөлінгенімен, ол орталықтың жұмысы әлі күнге дейін іске қосылмаған.

«Мал соятын мекемелер қанды арнайы орталыққа апарып төгу керек. Ол жерге өткізгенде көлікке ақы төлейді. Ал олар бассейндерге рұқсатсыз әрі тегін төгіп отырған. Сал­дарынан қан аралас су жайылып кеткен», дейді Сайрам ауданы әкімдігі­нің баспасөз қызметі.

Сайрам ауданы әкімдігінің хабар­лауынша, осы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Мадияр Ора­залиев тұрғындармен кездес­кен. Кездесу барысында санитарлық талап­тар­ды сақтау, адам өмірі мен денсаулы­ғы­на зиян келтірмеу, қоршаған ортаны қорғау мақсатында мал сою орын­дарынан шығатын қанды төгіп, сон­дай-ақ мал өлекселерін тастауға рұқ­сат етілмейтіні түсіндірілген.

Бүгінде жергілікті атқарушы ор­ган­дардың қызметкерлері аудан­­ның ішкі істер қызметкерлерімен бірле­­­сіп 3 механикаландырылған техника­­­­­мен нысанның сүзу алаңдарын ке­ңей­тіп, тереңдетуде. Сонымен қатар аудан әкімдігі полиция бассейн­дер­ді қадағалауға алғанын, мал қанын төгетіндерге қатаң шара қолда­ныла­тынын хабарлады. Ал облыс­тағы экология департаментінің мәліметін­ше, тексеру нәтижелері бойынша кінәлі­лерге айыппұл салынады.





ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз