АҚШ Ислам мемлекетін жеңді – Трамп

0
35
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде әскери бюджетке қол қою рәсімінде АҚШ Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» террорлық тобын жеңгені туралы мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үйдің сайтында жарияланған хабарламада айтылады.

Содырларды Сирия мен Иракта жеңгендері туралы мәлімдеген Трамп олардың дегенмен басқа аймақтарды таралып жатқандарын алға тартты. “Олар қаншалықты жылдам тарайтын болса, біз де соншалықты тез іздеріне түсетін боламыз” деп мәлімдеді Трамп.

Атап өтерлігі, Трамп елдің 2018 жылғы әскери бюджетіне қол қойды. Әскери мақсатқа шамамен 700 млрд АҚШ доллары қарастырылған.

Пентагонның базалық бюджеті 626 млрд долларды құраса, 66 млрд доллар АҚШ-тың шетелдегі әскери операцияларын қолдауға жұмсалады.

Еске салсақ, Ресей Бас штабы 6 желтоқсанда Сирия аумағының ИГ* жауынгерлерінен босатылғаны туралы хабарлады. Ирак премьер-министрі Хайдер Әл-Абади 9 желтоқсанда Сирия аумағының ИГ* жауынгерлерінен толығымен босатылғанын мәлімдеді.

Сабина Сайлаубай

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз