Қазақстан ДСҰ-ның министрлік шешімдерін қолдайды

0
51

10 желтоқсанда Буэнос-Айресте Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Министрлері Конференциясының 11-ші сессиясы барысында инвестицияларды жылжыту бойынша ДСҰ-ға 40 мүше мемлекет министрлерінің және делегациялары басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Басты спикерлердің қатарында Қазақстанның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Жанар Айтжанова болды. Ол ДСҰ-ға қосылу кезінде еліміз шетелдік инвесторлар үшін қолайлы режим қалыптастыруға және инвесторларға жоғары білікті кадрларды тартуға ықпал ететін міндеттемелер алғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, Қазақстан кәсіпкерлік және инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялау талаптары мен рәсімдерінің ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз етті.

Кездесу қорытындысы бойынша делегация басшылары инвестицияларды көтермелеу жөніндегі Бірлескен министрлік мәлімдемесін бекітті. Құжатта Министрлер конференциясы барысында ДСҰ-ға мүше елдердің инвестицияларды ынталандыру саласындағы Министрлік шешімдер қабылданып, ДСҰ алаңында осы мәселе бойынша негізгі талқылауларды бастауға шақыралды.

11 желтоқсанда қызметтер саудасын ішкі реттеу мәселелеріне арналған кездесуі барысында Тұрақты өкіл Ж. Айтжанова 11-ші ДСҰ Министрлік конференциясының Қызметтер саудасының ішкі реттеу туралы Министрлік шешіміне Қазақстанның қолдауын білдірді.

Болашақ құжат қызметтерді ұсынуға рұқсат беру жүйесін жетілдіруге бағытталған ДСҰ ережелерінің жобалары бойынша келіссөздерді жалғастыруды көздейді. ДСҰ-ға мүше елдер 2019 жылы жоспарланған ДСҰ-ның кезекті Министрлік конференциясында қабылдауға тырысады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз