АҚШ президенті Украинаның екі министрімен кездесті

0
301
АҚШ президенті мен Украинаның екі министрінің кездесуі. 26 наурыз 2022 жыл. Photo: AP/Evan Vucci

26 наурыз күні АҚШ президенті Джо Байден Варшавада Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мен қорғаныс министрі Алексей Резниковпен кездесті.

Кездесуге сонымен бірге АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Пентагон басшысы Ллойд Остин қатысты. Бұл Ресей Украинаға басып кіргелі бері Америка мен Украинаның жоғары лауазымды тұлғалары арасында өткен алғашқы кездесу.

Украина қорғаныс министрі Алексей Резниковтың Twitter’дегі жазбасына қарағанда, кездесу барысында тараптар саяси және қорғаныс саласындағы әріптестікті нығайту мәселесін талқылаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз