Украина мен Ресей өкілдері Түркияда кездеседі

0
228
Украина мен Ресей өкілдері Беларусьте кездескен сәт. Photo: Press TV

28-30 наурыз аралығында Украина мен Ресей өкілдері Түркияда жүзбе-жүз кездеседі. Бұл ақпаратты Киев өкілі Давид Арахамия таратты.

Тараптар Түркияда кездесуге 27 наурызда уағдаласқан.

Түркия басшысы Реджеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөзді Стамбулда өткізуге мақұлдасқаны кейіннен белгілі болды. Мұны түрік президентінің кеңсесі хабарлады. “Әңгіме кезінде президент Ердоған жанжалды тоқтатып, Ресей мен Украина арасында тезірек бітім жасау керектігін айтты”,- делінген Анкара мәлімдемесінде.

Украина мен Ресей өкілдері алғаш рет Беларусь жерінде жүзбе-жүз кездескен. Одан кейінгі кездесулерде де екі жақ мәмілеге келе алмаған.

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен Ресей әскері Украинаға басып кірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз