Бішкек-Ташкент тұрақты рейсі осы жылдың 23 желтоқсанында жаңартылады, ал 2018 жылы ұшақтар Ош-Ташкент-Ош бағдары бойынша ұшады. Бұл туралы Қырғызстанның көлік және жол министрі Жәмшітбек Калилов Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековке мәлімдеді, деп жазады Сa-news.
Бұдан өзге, Калиловтың сөзінше, Қырғызстан мамандары 25 желтоқсан күні Ташкентке Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысы бойынша үшжақты кездесулерге қатысу үшін барады. Өзбекс бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 27 желтоқсанда бұл мәселені үш мемлекет министрлері талқылайды.
Сабина Сайлаубай