Қ. Әбдірахманов Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесті

0
88

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 20 желтоқсанда қазақстандық БАҚ басшылары және бас редакторларымен, атап айтқанда Бас редакторлар клубы мүшелерімен бейресми кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Министр мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен айқындалған алдағы кезеңге арналған негізгі сыртқы саяси басымдықтар мен міндеттер туралы, сондай-ақ 2017 жылғы Сыртқы істер министрлігінің жұмысының нәтижелері туралы әңгімеледі.

Министр сондай-ақ бас редакторлардың күн тәртібінде тұрған Қазақстанның сыртқы саясатына атап айтқанда, Астана процесінің аясында Сирия бойынша халықаралық кездесу, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Төрағалығы, Орта Азиядағы ынтымақтастық туралы өзекті сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында Қ.Әбдірахманов «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» ведомствалық марапаттарымен «Казахстанская правда» республикалық газеті АҚ басқарма төрағасы Вячеслав Пащенконы, «Нұр Медиа» медиа холдингінің бас директоры Жанай Омаровты, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіпті, «Қазақпарт» ХАА бас директоры Асқар Омаровты марапаттады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз