БҰҰ ҚК АҚШ-тың лаңкестікке қарсы бастамасын қолдады

0
56

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық лаңкестікке қарсы күресті күшейту туралы, атап айтқанда, шиеленіс аймағынан оралып жатқан жауынгерлерге қатысты шаралар бойынша қарар қабылдады.

Жаңа құжат 2014 жылы бекітілген 2718 қарарының жаңартылған түрі, террористік ұйымдардың жауынгерлерімен күресу бойынша шараларды жетілдіруді ұсынады, деп жазады РИА Новости.

Атап айтқанда, қарардың жеке бөлімі БҰҰ-ның антитеррорлық құрылымы бойынша шиеленіс аумағынан оралып жатқан лаңкес-жауынгерлерге қатысты шаралар қабылдауға арналады.

Қарар мемлекеттерге ұлттық шекараларды бақылау, әуе тасымалдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және лаңкестерді қаржыландыруды тоқтату саласындағы ақпарат алмасуға шақырады.

АҚШ ұсынған бастаманы БҰҰ ҚК-нің барлық 15 мүшесі қолдады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз