Мысырдың Хургада ауданындағы Dream Beach демалыс орнының маңында демалуға келген туристті акула жеп қойды, деп хабарлайды Тасс егенттігі.
Ресейдің бас консулы Воропаевтың айтуынша, акуланың шабуылынан қаза тапқан турист – Ресей азаматы. Ақпаратты Мысыр билігі де растап отыр.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша 15:00 шамасында болған. Қайтыс болған – 1999 жылы туған Попов В.Ю.
Кейіннен акуланың шабуыл жасаған сәті түсірілген видеоны жарияланды. Ресейден келген туристер дереу ер адамды құтқармақ болғанын, бірақ акула оны су астына сүйреп апара бастағанын айтты. Жыртқыш бастапқыда суға шомылып жатқан ерлі-зайыптыларға шабуыл жасаған, бірақ қыз жүзіп шыға алғанымен, ер адам үлгере алмаған.
Видеоны сайтымыздың әлеуметтік желісінен көре аласыздар.