Анкара Сирияға жасалған шабуылды құптады

0
166
дереккөзден

Анкара Думада орын алған мүмкін химиялық шабулыға жауап ретінде АҚШ, Ұлыбритания және Францияның Сирияға зымырандармен шабуыл жасауын құптады. Бұл туралы сенбіде Түркия СІМ хабарлады.

«Түркия 7 сәуір Думада болған химиялық жарылысқа жауап –  Сириядағы операцияны құптайды. 14 сәуір таңертең Асад режиміне (Башар Асад – Сирия Араб республикасының президенті -ред) қарсы жүзеге асырылған әскери операция адам ар-ұжданының көрінісі болды»,

– деп хабарланады түрік ведомствасының мәлімдемесінде.


14 сәуірге сенбіге қараған түні АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға шабуыл жасауға бұйрық бергенін хабарлады. Өз кезегінде, Ұлыбритания премьері Тереза Мэй Сирияға шабуыл жасалғанын растап, аталған жағдай Ұлыбританияның қызығушылықтарына жауап беретіндіктен шабуыл жасау туралы шешімді қабылдағанын мәлім етті. Кейіннен Франция президенті Эмманюэль Макрон әскерилерге Сирияға шабуыл жасау туралы бұйрық бергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуыл Сириядағы химиялық қару-жарақ сақталған нысандарға бағытталады.
Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз