Әлем қырғиқабақ соғыс кезеңіне қайта келді – БҰҰ

0
92
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш/дереккөзден

Әлем қырғиқабақ соғыс кезеңіне қайта келді, деп есептейді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш. БҰҰ Бас хатшысының мәлімдеуінше, Таяу Шығыста орын алған хаос әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді және ол жақтағы өте тұрақсыз жағдай аймақтық және жаһандық зардаптарды күшейтеді.

«Өзгенің қолынан жасалған соғыс»

«Сирияда біз өзгенің қолынан жасалған соғысты байқаймыз, атап айтқанда, әлемнің бірнеше елінің әскерлері, көптеген қаруланған топтар, ұлттық және халықаралық жауынгерлік отрядтар, бүкіл әлемнен жиылған жангештілер мен түрлі лаңкестік ұйымдар»,

деп атап өтті Бас хатшы.

Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы АҚШ президенті Дональд Трамптың Сирияға зымыран шабуылын жасау туралы сес көрсеткен шешімінен кейін Ресейдің бастамасымен ұйымдастырылған болатын. Дегенмен, Гуттериш Қауіпсіздік Кеңесі отырысына жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде мәселеге кең ауқымда қарады, Парсы шығанағынан Жерорта теңізіне дейінгі аймақта құлдырау тудырып жатқан израиль-палестина және сүннит-шиит кикілжіңдерін ойға салды. БҰҰ Бас хатшысы сондай-ақ Газ секторы мен Израиль шекарасындағы қақтығыстарды, Йемендегі гуманитарлық дағдарысты, Ливиядағы қарулы қақтығысты алға тартты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз