Сирияға жасалған шабуылдан ешкім қаза тапқан жоқ

0
70
/Дамаск

АҚШ, Ұлыбритания және Франция тарапынан Сирияға жасалған шабуыл салдарынан ешкім қаза тапқан жоқ. Бұл туралы SANA агенттігі Сирия әскері басшылығының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Әлемдік БАҚ-та таралған ақпарға сәйкес, соққы Дамаск қаласы маңындағы ғылыми-зерттеу орталығына жасалған. Ғылыми зертханалар мен білім орталықтары орналасқан ғимараттар қақыраған. Сондай-ақ Хомсадағы Сирия әскерінің қоймалары да шабуылға ұшыраған. Қоймаға жасалған шабуыл салдарынан үш адам зардап шекті деп хабарланады.

АҚШ және оның одақтастары Сирия аумағына 110 зымыран бағыттады, деп хабарлайды Сирия Бас штабы. Ведомство таратқан ақпарға сәйкес, зымырандардың көп бөлігін қағып түсіру мүмкін болды. Бас штаб үш адамның зардап шеккендігін растады.


14 сәуірге қараған түні АҚШ, Ұлыбритания және Франция Сирияның химиялық бағдарламасымен мүмкін байланысы бар деген нысандарына зымыран шабуылын жасады. «Үштіктің» аталған операциясы 7 сәуір Дума қаласында Башар Асад режимінің мүмкін химиялық қару қолдану әрекетіне жауап болды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз