АҚШ Израильге сенді

0
77
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.

АҚШ Израильдің Иранға таққан айыбымен толық келіседі. АҚШ мемлекеттік хатшысы Пампео осылай мәлімдеді. Бұған дейін Израиль премьер-министрі Нетаньяху 2015 жылы ядролық мәмілеге қарамастан Иранның құпия уран байыту бағдарламасының бар екендігі жайлы мәлімдеме жасаған еді.

АҚШ мемлекеттік хатшысының айтуынша, бұл оқиға Иранның күш-жігерінің ауқымы мен мақсатын ашып береді, ирандық биліктің өз халқына жалған сөйлегеніне дәлел болады.

Иран болса, ядролық мәмілені бұзды деген Израиль таққан айыпты жоққа шығарды. Еске салсақ, 3 жыл бұрын Иран АҚШ-пен мәміле жасасқан еді. Мәміле шартына сәйкес, Иран өзінің ядролық бағдарламасын жаһандық қатаң бақылауға қояды, есесіне Иранға салынған санкциялар алынып тасталады.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Еуроодақ бойынша келісімге қатысқандар Израильдің жасаған мәлімдемесіне тексеріс қажет дейді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз