Анкара мен Ташкент еңбек мигранттарына қатысты келісім жасасты

0
175

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанның Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында «Еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау» туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі хабарлайды.

Келісім Түркияда еңбек ететін (мигранттар) Өзбекстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін қорғау және Өзбекстанда еңбек ететін (мигранттар) Түркия азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін қорғау мәселелерін реттейді.

Келісімге сәйкес, еңбек ететін мигранттар қабылдаушы мемлекеттің аумағында заңнамаға сәйкес жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде жұмыс істей алады.

Сондай-ақ, тараптар өз елдерінде көші-қон ағындарын реттеуді жеңілдетеді және өз мемлекеті аумағында заңсыз еңбек қызметінің жолын кесуге ынтымақтасады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз