Армения астанасында 4,7 балл жер сілкінісі болды

0
873

13 ақпанда Армения астанасы Ереванда магнитудасы 4,7 балл жер сілкінісі болды. Тұрғындар жер сілкісіні қайталана ма деп көшеге қашып шықты.

Жергілікті БАҚ дүкен сөрелеріндегі тауарлар құлағанын хабарлады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Facebook парақшасында 20 афтершок болғанын жазды. Пашинян “алдын ала мәлімет бойынша қатты қираған ғимараттар мен адам шығыны болған жоқ” деп жазды.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы жер сілкінісінің эпицентрі Ереваннан 13 шақырым жерде болды деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз