Авиация комитеті Qazaq Air ұшақтарын тексеріп жатыр

0
114
Qazaq Air ұшағы. Photo: Airlines inform

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Qazaq Air әуе компаниясының екі ұшағының шассинің бүлінуіне байланысты тексеріс бастады.

Авиация комитетінің хабарлауынша, 13 ақпанда Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында ұшып шыққан QAZ353 рейсі Алматы әуежайына қонған кезде шассиі жарылып, жолаушылар эвакуацияланған.

12 ақпанда 23.20-да Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшпақ болған QAZ427 рейсінің шассиі жарылып, ұшақ 700 метрдей қозғалып тоқтаған. Кейін ұшақ тұраққа жеткізілген.

Қазір комитет екі жағдайды да тексеріп жатқанын мәлімдеді.

Qazaq Air – Қазақстанның ішіндегі рейстерге арналған лоу-кост компания. 2018 жылы тамызда ұшуға рұқсат алған. Әуе компаниясын “Самұрық қазына” әл-ауқат қоры құрған. Qazaq Air рейстерін Bombardier Dash 8 Q400 ұшағымен орындайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз