Облыстардағы коронавирус жұқтырғандар саны азаюда

0
166

Қазақстанда өткен тәулікте 772 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл соңғы үш аптадағы ең аз көрсеткіштердің бірі. Елде жалпы 202 573 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

15 ақпан таңертеңгі ақпаратта 772 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде ең көп тіркелгені  Павлодар(101) облысы және Алматы(102) қаласында. Қалған аймақтардағы коронавирус жұқтырған адамдар саны 100-ге жетпейді.

Бұдан бөлек 866 адам індеттен жазылып, барлығы 185 205 адамға жетті. Ал, 4 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 2646 адам өлді.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 542 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың ішінде 249 адамның жағдайы ауыр, 47 адамның жағдайы өте ауыр және 44 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 19 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 205 адам. Осылайша елде пневмонияны 48 694 адам жұқтырып, 39 274 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз