Бұл туралы испандық дәрігер, денсаулық сақтау жүйесі мен саясаты бойынша Еуропалық обсерваторияның директорыХосеп Фигерес МаримонАстанада өтіп жатқан алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметіне арналған халықаралық конференциядамәлімдеді, деп хабарлайды kazaknews.kz.
Медицина маманының айтуынша, қазіргі таңда әлемде жүрек қан тамырлары, семіздік және әсіресе, психикалық аурулар өте өзекті болып отыр.
«Қазіргі таңда әлемде ең жиі кездесетін аурулар жүрек қан тамырлары, семіздік, психикалық аурулар өте өзекті болып тұр. Және бұл аурулар бірқатар ауыртпашылықтар алып келуде. Біз Астанаға әлемдегі әріптестерімізбен аталған мәселелерді және алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметін талқылап, пікір алмасу үщін бас қосып отырмыз. Бұл сала жалпы медицинадағы бірқатар өзгерістерге алып келе алады және алдын алуға мүмкіндік береді, – деді Хосеп Фигерес.
Сонымен қатар, ол Алматы декларациясы 1978 жылы қабылданғанын және Алматы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету идеясы пайда болған жер екенін атап өтті.
«45 жылдан соң біз тағы да Қазақстанда әлемнің ең үздік медицина саласындағы мамандармен өзекті мәселелерді талқылап отырмыз. Сондықтан бұл жиынның маңызы зор. Өйткені, медициналық мәселелер географиялық жағдайға қарамайды. Әлемдегі медициналық мәселелер ортақ», – деді Хосеп Фигерес.