Астанада алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметіне арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

0
63

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Алматы декларациясының қабылданғанына 45 жыл және Астана декларациясына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған жаһандық конференцияның пленарлық отырысына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп хабарлайды kazaknews.kz. 

Президент өз сөзінде алғашқы медициналық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық коалиция құруды ұсынды. Сонымен қатар, осыдан 45 жыл бұрын медициналық-санитариялық алғашқы көмектің әлеуметтік тұрғыда әділетті моделіне негіз болған Алматы декларациясы қабылданғанын және бұл декларация әлемдік денсаулық сақтаудың Ұлы Хартиясына айналып, көптеген елдің халық денсаулығын жақсарту үшін қолданылып жатқанын атап өтті. 

«Бүгінгі шарада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшылығының қатысып отырғанын пайдаланып, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаһандық ұсыну саласы оның қызметін үйлестіретін арнайы құрылым құрудан ұтатынын айтқым келеді. Мен ДДСҰ қолдауымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі мемлекеттер коалициясын құруды ұсынамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Халықаралық жиынға ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДҰ-ның Еуропадағы өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және тағы басқа медицина саласының мамандары қатысып, пікір алмасуда. 

«Алматы декларациясы қабылданғаннан кейін қоғамда медициналық қызметтерге жалпы қолжетімділік үшін бірқатар мәселелерге тап болды. Маған денсаулық сақтау саласындағы әріптестерімнің аталған мәселелер бойынша ұсыныстары мен шешімдері қызықтырады. Біз бұл модельдерді Еуро Одаққа, Азия елдеріне жіберетін боламыз. Осындай ауқымды шараға қатысып, әріптестеріммен пікір алмасып жатқаныма қуаныштымын»,-деді «Nuffield Trust» денсаулық сақтау саласының аға ғылыми қызметкері Ребека Розен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз