ҚМДБ Палестина мен Израиль арасындағы соғысқа қатысты мәлімдеме жасады

0
82
Мүфтият
ҚМДБ Мүфтият

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Палестина мен Израиль арасындағы соғысқа байланысты өз ұстанымын жариялады.

Мүфтият, соғыспай, қақтығысты бейбіт жолмен шешуге шақырды.

«ҚМДБ Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын Құдыс жерінде болып жатқан қантөгіске қатты алаңдаушылық білдіреді және қаншама жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің бейбіт жолмен, өзара ымыра аясында шешілуін тілейді», – делінген хабарламада.

Басқарма бұдан бөлек қасиетті мекен үшін дұға етуге шақырып, Палестина халқының тарихи құқығын қолдайтынын жеткізді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тараптарды бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуге үндейді. Сондай-ақ, Палестина халқының халықаралық келісімдер мен резолюцияларда бекітілген тарихи құқығын қолдайтындығын мәлімдейміз», – деп жазды мүфтият.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз