«4 кредитім бар, балаларым да қарыз алуға бейім» – Көпбалалы ана

0
74
Қарызсыз қоғам бағдарламасының қатысушысы Мөлдір Тұрысбекова, фото: скриншот

Қарызсыз қоғам бағдарламасының қатысушысы Мөлдір Тұрысбекова, парламенттік тыңдауда өзінің жағдайымен таныстырып, одан кейін өз ұсынысын жасады.

«4 баланың анасымын, мойнымда 4 кредитім бар. Өзім кредит алған кезде мүлдем пайыздарына қарамай алған екенмін. Қарыз алып жүргендіктен, балаларымда қарызға өте бейім. Яғни, дүкеннен қарыз алып жатсам, «анашым, менде қарызға ала салайын» деп бастайды. Қазіргі таңда балаларға ондай нәрсені үйретпеуге тырысып жүрмін. Қазіргі айлық табысым 131 мың теңге, жәрдемақым 55 мың теңге. Ал, кредитім 250 мың теңге. Ол кредитті мен қазіргі таңда төлеп жатқан жоқпын. Себебі банк менің шоттарымның барлығын бұғаттап тастады. Қаржылық сарапшылардың арқасында және заңгерлермен кеңесе отырып, шоттарымның біреуін аштым», – дейді Мөлдір Тұрысбекова.

Мөлдір, депутаттар алдына екі мәселемен келгенін айтты. Ол, кредитті алмас бұрын қаржылық сауаттылықты арттырып, қарыздың пайызын түсініп барып алу керек дейді. Ал, екіншісі айлық табысты көбейтуді сұрады.

«Мен кредитімді жабу мақсатында «Ауыл аманаты», «35 жасқа дейінгі» жобаларға қатысып көрдім, бизнес жоспар жасадым. Бірақ маған бағдарлама мақұлданбады. Ұсынысым, біз секілді қызметкерлерге 2,5 пайызбен несие алуға мүмкіндік берсе деймін», – дейді «Қарызсыз қоғам» бағдарламасының қатысушысы Мөлдір Тұрысбекова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз