Қазақстанда 63 бала есірткіге тәуелділер тізімінде тұр  

0
64
фото: shutterstock

Премьер-министр Әлихан Смайылов, депутаттардың есірткіге тәуелді балаларға медициналық көмекке қатысты сауалға жазбаша жауап берді.

Қазіргі уақытта республика бойынша психикалық денсаулық орталықтарында 603 төсек қорын құрайтын балалар психиатриялық бөлімшелері, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділігі бар кәмелетке толмағандарды емдеудің толық курсын алатын 27 наркологиялық бөлімше бар.

Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділігі бар пациенттерді есепке алу «Наркологиялық науқастардың тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жүргізіледі. Кейінгі 3 жылда кәмелетке толмағандардың саны азайып, 2020 жылы – 258, 2021 жылы – 238, 2022 жылы – 194 баланы құраған.

2023 жылғы 10 қазандағы деректер бойынша динамикалық байқауда 158 бала бар, оның ішінде алкогольге тәуелділікпен – 95, есірткі және психотроптық заттарға тәуелділікпен – 63.

«Қазақстанда профилактика және медициналық-психологиялық көмек көрсету мақсатында елімізде жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық және ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізетін 156 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда және Үкіметтің бақылауында», – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз