Израиль мен Палестинаны тарихта кім татуластыруға тырысқан?

0
89
ФОТО : Shutterstock/FOTODOM

1947 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының екінші сессиясында, жақында аяқталған дүниежүзілік соғыстан кейін тағы бір соғыстың алдын алудың алғашқы әрекеті жасалып жатты. Бұл, Палестинаны еврейлер мен арабтар арасында бөлу болды. БҰҰ-ға мүше 57 мемлекеттің 33-і, бұл ұсынысты қолдайды. Бұл туралы Kazaknews.kz тілшісі mir24.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль құрылғаннан кейін оған Сирия, Египет, Ирак, Ливан және Транс Иордания бесеуі бірден шабуыл жасайды. Бірінші араб-израиль соғысын еврейлер тәуелсіздік соғысы деп атады. Осылайша олар қасиетті жерде өмір сүру құқығын қорғап қалған. Бұл қақтығыс, соғысты тоқтату туралы келісімге қол қоюмен аяқталды. Біріккен Ұлттар Ұйымының жоспары бойынша Палестинаның жартысына ғана орналасқан Израиль, аумақтың 78% пайызын жаулап алды. Иерусалим екіге бөлініп, мұсылмандардың Исламның басты ғибадатханаларының бірі, Әл-Ақса мешітіне кіруі қиындады.

Араға 18 жыл салып, 1967 жылғы екінші алты күндік соғыста арабтар тағы да ауқымды шығынға ұшырап, соңында бітімгерлік келісімге келді.

90-жылдардың ортасында Вашингтонда Норвегияның араласуымен “Осло” келісіміне қол қойылды. Ол жерде, жаңадан құрылған Палестина ұлттық әкімшілігінің төрағасы Ясир Арафат, Израиль премьер-министрі Ицхак Рабин және оларға араша болған АҚШ президенті Билл Клинтон болды.

Осыдан кейін, 1994 жылы Ицхак Рабин, Шимон Перес (Израильдің экс-премьер-министрі) және Ясир Арафат бейбіт келісімге қол қойғаны үшін Нобель сыйлығын алды. Олардың келісімдегі шарты терроризмнен толық бас тарту болды.

Қазіргі таңда Араб-Израиль қақтығысы қайта басталып кетуі мүмкін. Алайда кейбір сарапшылар соғысты дипломатиялық жолмен дер кезінде тоқтатуға болады дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз