Черногориядағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасалды

0
67
дереккөзден

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Черногориядағы елшілігіне шабуыл жасалды: ертеңге қараған түні белгісіз ер адам Подгорицадағы Америка елшілігіне граната тастап, қолында тұрған екінші гранатамен өзін жарып жіберген. Бұл ақпарды 22 ақпанда Черногория үкіметі мен жергілікті БАҚ хабарлады.

АҚШ елшілігі ешқандай ақпаратты растамастан, елшілік ғимаратынан алшақ жүруге кеңес берді. Дегенмен, шабуылдан елшілікке зиян келмеген.

Черногория бұрыннан өзара қарсы саяси күштердің ықпалында тұр. 2017 жылдың жазында аталған мемлекет Ресеймен қалыптасқан тығыз дәстүрлі қарым-қатынасына қарамастан, НАТО құрамына енді. Солтүстік атлантикалық альянс құрамына енерден бұрын Черногорияға АҚШ вице-президенті Майк Пенс сапармен келіп, Балқан түбегіндегі барлық мемлекеттерді Батыспен жақын қарым-қатынаста болу үшін Ресеймен байланыстарын үзуге шақырды.

2016 жылғы Черногориядағы парламенттік сайлаулар болмай қалған төңкеріс әрекеті салдарынан сәтсіз аяқталған еді. Прокуратура жақында қозғалған сот ісі кезінде Ресей мен Сербияны іске қатысы бар деп айыптады. Мәскеу өз кезегінде айыптауларға наразылық танытып, Черногория бұл істі Ресеймен өзара қатынасын одан әрі әлсіретуде алға тартып отыр деген пікір білдірді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз