Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

0
124
дереккөзден

Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды.

« «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысын таныстырды. Мәулен Әшімбаев Тамара Дүйсенованың мемлекеттік қызметте және басшылық лауазымда тәжірибесі бай екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға жаңа хатшының үлкен үлес қосатынына сенім білдірді», – деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Т. Дүйсенова бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған еді. Президенттің қатысуымен өткен кеңейтілген Үкімет отырысынан кейін Н. Назарбаев Дүйсенованы аталған лауазымынан босатты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Мәдина Әбілқасымова тағайындалды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз