Еуроодақ «Зәйтүн сабағына» алаңдаулы

0
117
Yenicag.ru

Еуроодақ Сирияның Африн аймағында орын алған әскери операция салдарынан адам өлімі мен гуманитарлық жағдайға алаңдаушылық білдіреді. Бір айдан аса уақыт бойы түрік әскері Афринде күрд жасақтарына қарсы операция («Зәйтүн сабағы») жасауда.

Өз кезегінде ЕО (Еуроодақ) өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында Түркия заңды мақсаттарға ұмтылғандығын мойындайды.

Брюсселде тұратын 28 жастағы француз Максим Барра «Ислам мемлекеті»*  ұйымына қарсы күрдтер тарабында соғысу үшін Сирияға бірнеше мәрте барған, деп жазады Euronews.

Өз сөзінде М. Барра Түркия операция барысында өз әскерлерін ғана емес, «Ислам мемлекетімен» байланысы бар «Ан-Нусра», «Еркін Сирия әскерін» де қолдануда деп мәлімдеді.

Ал Түркия өз кезегінде мұндай айыптауларды жоққа шығаруда.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз